Мамыр мерекелері онкүндігі аясында «Ақжелкен» тобының тәрбиешілері Увайсова А. М. мен Сапарова А. А. С. Нұрмағамбетов атындағы музейге экскурсия ұйымдастырды. Музей қызметкерлері жерлесіміз – Батырдың ерліктері туралы өте қызықты мәліметтер ұсынды. Балалар С. Нұрмағамбетовтың сауыт-саймандарына, марапаттарына және фотосуреттеріне үлкен қызығушылықпен қарады. Ұсынылған мазмұнды ақпарат үшін музей қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.