Наурызнама онкүндігі аясында балабақшада 
. «Наурыз мейрамы» атты ойын-сауық бағдарламасына «Аралар» тобы (жетекші тәрбиеші Шалабаева Д. К.), «Солнышко» тобы (тәрбиеші Дурягина Е. В.), «Ромашка» тобы (жетекші Дурягина Е. В.) тәрбиеленушілері қатысты.
Іс-шара барысында балалар театрландырылған қойылымдар көрсетіп, қазақ халық ертегілерінің кейіпкерлерін сомдады. Сонымен қатар көктем, достық, бейбітшілік және Наурыз мерекесі туралы өлеңдер оқыды. Қазақ және орыс тілдерінде тақырыптық әндер орындап, ұлттық ойындар ойнады және ата-аналарды әсем би қойылымдарымен қуантты.
Әрбір сценарийге педагогтар Қазақстан халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын енгізді.
Қатысқан және ұйымдастыруға атсалысқан баршаңызға үлкен алғыс білдіреміз. Балабақша ұжымы баршаңызды көктемнің шуақты мерекесі — Наурыз мейрамымен құттықтайды!