2025 жылдың 05-18 қыркүйек аралығында Қазақстан халқының тілдері күніне орай онкүндік өтті. Онкүндік барысында жоспарға сәйкес челленджтер, сурет көрмесі, әлем халықтарының ертегілерін сахналау, түрлі халықтардың ойындары, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары ұйымдастырылды. Онкүндіктің қорытындысында 18 қыркүйек күні "Бір шаңырақ астында" атты музыкалық фестиваль өтті.