"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында, Кітап күніне орай, ақпараттық білім беру ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында балабақшада "Мобильді кітапхана" ұйымдастырылды. Мобильді кітапханада әртүрлі жанрдағы ертегілермен, соның ішінде халық ертегілерімен, қиял-ғажайып ертегілермен және басқа да ертегілермен танысуға болады. Ертегілер балалардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдалды. Ертегілерді көру планшет немесе ұялы телефон арқылы QR-кодты сканерлеу арқылы жүзеге асады. Осыған байланысты ата-аналар мен балалардың Мобильді кітапханаға деген қызығушылығы артып отыр.