Текст
2024 жылғы 25-26 желтоқсан күндері біздің балабақшада Жаңа жылдық таңертеңгіліктер өтті. Іс-шараның мақсаты – мерекелік көңіл-күй қалыптастыру, балаларды ертегі әлеміне бойлату, ғажайып пен сиқырға сену тілегін ояту. Жаңа жыл – ең сүйікті, ертегідей мереке, оны бәрі жақсы көреді. Бірақ біздің балаларымыздай жаңа жылдық ғажайыпты, сиқырлы өзгерістерді ешкім де асыға күтпейді.