Текст
26.02.2026
Балабақшада «Алғыс айту күніне» арналған іс-шара өтті. Бұл қысқы мереке ашық жүректердің жылуы мен нұрына толы, ақжарма тілектердің шынайылығымен өрнектелген. Аталған мереке бүкіл әлем адамдарына адамдар арасындағы қарым-қатынаста әдептілік пен сыпайылықтың қаншалықты қажет екенін, сондай-ақ алғыс білдіруді ұмытпау қаншалықты маңызды екенін еске салу мақсатында атап өтіледі.
25.02.2026
24.02.2026 жылы «Өрт қауіпсіздігінің бірыңғай күні» республикалық акциясын іске асыру аясында «Совята» тобының тәрбиеленушілерімен тәрбиеші Садовская М. А. «Ойын түріндегі эвакуациялық жаттығу» ұйымдастырып, өткізді.
17.02.2026
Республикалық «Өрт қауіпсіздігінің бірыңғай күні» акциясы аясында тәрбиешілер ата-аналармен жұмыс жүргізді. «Балаларға арналған өрт қауіпсіздігі ережелері» тақырыбында буклет таратылды. «Өрт кезінде 01 – қауіпсіздік» тақырыбында кеңес берілді.
16.02.2026
13.02.2026 ж. «Жол картасы» аясындағы жұмыс бойынша Zoom конференциясы форматында «Құзыреттілік орталығы» отырысы өтті. Отырыстың тақырыбы: «Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық педагогикалық технология ретінде жобалау әдісі».
13.02.2026
«Ромашка» тобының тәрбиешілері балалармен «Жас өрт сөндірушілер» атты квест-ойын өткізді.
13.02.2026
12.02.2026 ж. балабақшада ата-аналармен семинар-практикум өтті. Семинардың тақырыбы – «Баланың қауіпсіздігі». Барлық жас топтарының ата-аналары ойындарға, қауіпсіздікке байланысты жағдаяттарды шешуге белсенді және үлкен қызығушылықпен қатысып, сауалнама сұрақтарына жауап берді. Семинарға қатысқан ата-аналар мен педагогтарға алғыс білдіреміз.
13.02.2026
12.02.2026 жылы балабақшада ересек және мектепалды даярлық топтарының балаларымен «Дұрыс әрекеттер қаласы» атты іс-шара өткізілді. Тәрбиешілер Сапарова А.А. және Киянова М.В. іс-шараны ойын түрінде ұйымдастырып, өткізді. Тәрбиеленушілер дұрыс әрекеттер туралы білімді меңгерген.
09.02.2026
06.02.2026 ж. «Арайлым» балабақшасының базасында «ЗАМАНАУИ БАЛАБАҚША ЖАҒДАЙЫНДА “АДАЛ АЗАМАТ” БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ» тақырыбында облыстық семинар өтті. Аталған семинарға тәрбиеші Увайсова А. М. «Біртұтас тәрбие – балалар қолынан туған ұлттық үлгі» тақырыбында дәстүрден тыс сурет салу техникасы (фольга пластикасы) бойынша шеберлік сабағымен қатысып, тәжірибесімен бөлісті.
03.02.2026
Жоба «Еңбегі адал – жас өрен» "Мамандықтар марафоны" Тәрбиешілер: Сапарова.А.А Увайсова А.М
29.01.2026
27.01.2026 жылы балабақшада «Мектепке дейінгі жастағы балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығы» тақырыбында №3 педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңеске арналған «Үздік қауіпсіздік бұрышы» байқау-көрмесіне қатысқаны үшін марапаттау